Бүгін «Бірге таңдаймыз» хабары әйелдер қауымы үшін құнды кеңес бермек. Артық салмақ бүгінгі таңда әйелдер қауымының бас ауруына айналған. Артық салмақтан арылу үшін түрлі диеталық тағадамдар, фитнестік жаттығулар көмектеспесей жүрсе, сағат 13:00-де Ұлттық арнаны қосыңыз. «Бірге таңдаймыз» бағдарламасы сіздерге 5 күнде 3 келіден арылудың оңтайлы жолын айтады.
Сонымен қатар, ескі туфлиді сәннің соңғы трендіне сай жаңарту жолын, мұғалімдер күніне орай сыйлық ретіндегі әдемі гүл шоғын бірге таңдай аласыз.
Бүгін 13:00-де Ұлттық арнадан «Бірге таңдаймыз» бағдарламасын көріңіз.