Алғашқы ақпарат ретінде жүк тасымалдау кестесі, экспорт, импорт, транзиттік тасымалдардың автоматтандырылған жүйесі, тұтынушылардың ГУ-12 формасындағы тапсырыстары, жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі бір айға жасалады.
Оған қоса, жүк пойыздарын жасақтау кезінде жоспарлы жұмыс дер кезінде арнайы кестелер бойынша жасалып отырады.
Тұңғыш рет қолданылып отырған жүк пойыздарының жаңа кестесі өз нәтижесін берді. Мәселен, биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша пойыздардың кестеден кешігуі 50 пайызға төмендеді. Өйткені жыл басынан бері пайдалану шығыны әлдеқайда төмендеді.
«Пойыздардың арнайы кесте варианттарын жасау аса ауқымды жұмыс. Оны біздің мамандарымыз күнделікті реттеп отырады. Осыған байланысты пайдалану шығынын барынша төмендетудің бағдарламасын жасап жатырмыз»,- дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының ықпалдастырылған жоспарлау дирекциясы директорының орынбасары Ерікбай Нұрабаев.
Оның сөзінше, аталмыш шараны қолданудағы мақсат - басты мәселе, жүк және жолаушылар пойыздарының қызмет сапасы мен тиімділігін көтеру болып отыр.
Кестені күнделікті дайындап отыру шаралары биылғы жылы наурыз айында басталды. Бұл жұмыс кезінде республикадағы 14 жол бөлімшесінің инфрақұрылымын жаңғырту және күрделі жөндеуден өткізу, қалыпты ұстап отыру үшін технологиялық «толаскез» жасалады.