Ауа райы: 2 қазан күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: 2 қазан күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз

02.10.2015
Ауа райы: 2 қазан күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз

2 қазан күні Қазақстанның көптеген бөліктерінде ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың солтүстігінде, түнде оңтүстік және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде жаңбыр жауып, екпінді жел болады, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде тұман күтіледі.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.           

Хабарламаларға жазылу