Қарттар күні 1990 жылы БҰҰ Бас ассамблеясында қабылданған. Бұл мейрам әлемде 25 жылдан бері үздіксіз аталып келеді. Мейрамның мақсаты – қоғам назарын қарттардың мәселелеріне бұру.
Сондықтан, жыл сайын 1-қазанда әртүрлі фестивальдар, конференциялар ұйымдастырылады. Жыл сайын әр ел қараттарына әртүрлі көмек көрсетіп жатады. Биыл Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қарттар күніне орай 60 мыңға жуық зейнеткерге материалдық көмек көрсетсе, Алматы қаласының қариялары бүгін Метрода тегін жүреді.
Ұлттық арнаның қарттар күніне жасаған арнайы репортажын бүгін сағат 19:05-те көріңіз.