Алматы Мемлекеттік Орталық музейі «Алтын алма» қолөнер көрме-жәрмеңкесіне шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы Мемлекеттік Орталық музейі «Алтын алма» қолөнер көрме-жәрмеңкесіне шақырады

01.10.2015
Алматы Мемлекеттік Орталық музейі «Алтын алма» қолөнер көрме-жәрмеңкесіне шақырады

3-4 қазан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі (Алматы қ.) және «Бақыт» сәндік-қолданбалы өнер орталығы бірлесіп, «Алтын алма» атты Орталық Азия қолөнер көрме-жәрмеңкесін өткізеді.

Бұл дәстүрлі өткізілетін сәндік-қолданбалы өнер көрмесіне Қазақстанның барлық аймағынан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Ресейден 150-ден астам қолөнерші қатысады.

Орталық Азия халықтарының сәндік-қолданбалы өнер көрме-жәрмеңкесі жылына төрт мәрте өткізіледі. Дәстүрлі іс-шараға айналған көрме-жәрмеңкеде сәндік-қолданбалы өнерді бағалаушы жандар алуан реңді шығыс базарынан, кәдесыйлық заттар, киіз және жібек бұйымдар, кілемдер, зергерлік бұйымдар, керамика, бейнелеу өнер туындыларын және тағы көптеген сан алуан заттарды тек қана тамашалап қоймай сатып ала алады.

Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері бұл нышандарды өздерінің туындыларында — картина, зергерлік бұйым, панно, гобелен, киіз және тері бұйымдарында, батик сияқты өнімдерінде бейнелеген. Алма бейнеленген кәдесыйлар молшылық пен сәттілікті нышандайды.

Орталық Азия қолөнер көрме-жәрмеңкесіне келушілерді әр алуан қызық бағдарламалар күтеді: хас шеберлердің бұйымдарымен танысу, қыштан бұйымдар жасау бойынша шеберлік-сағаттарын өткізу, әртүрлі шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы, сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің қатысуымен өткізілетін күн сайынғы лотереялық ұтыс ойындары, викторина ойнатылады. Бау-бақша өсірушілер ғажайып алма жәрмеңкесін ұсынады. Музейдің кинозалында Алматы қаласы тарихына арналған музей қорындағы фотоматериалдар көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу