Биыл Алматы облысында қызылшадан мол өнім алынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Алматы облысында қызылшадан мол өнім алынбақ

01.10.2015
Биыл Алматы облысында қызылшадан мол өнім алынбақ

Шаруалардың айтуынша, дәл осындай бітік өнімді алмағалы біраз уақыт болыпты.

«Ағымдағы жылы түсім мол. Мәселен, бір  қант қызылшасының салмағы  6,5-7 келі. Әр гектардан 700-750 центнерден өнім алуды жоспарлап отырмыз. Біз Көксу қант зауытына қант қызылшасының алғашқы партиясын жіберіп қойдық», - деді Сарқан ауданы «Ақ құдық» шаруа қожалығының басшысы Сержан Есімжанов.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы облысына жасаған іс сапары кезінде аймаққа қант қызылшасы бойынша бұрынғы атағын қайтару тапсырмасы қойылған болатын. Осы мақсатта өңір басшылығы сәйкесінше жұмыстар жүргізді. Қант қызылшасын өсіретін шаруаларға 240 млн. теңге мемлекеттік субсидия бөліп, арнайы техника, сапалы тұқым, жанар, жағармай сатып алуларына жағдай жасады.

Жалпы, облыс бойынша қант қызылшасы алқабының көлемі 4 мың гектарды құрайды. Ескелді ауданындағы «Хильниченко және К» серіктестігінің өзінде-ақ тәтті түбір өсіруге 187 гектар алқап қарастырылған. Өзге шаруашылықтардағыдай мұнда да жұмыстың 65 пайызын арнайы техника атқарса, қалған жұмыс көлемі қол күшімен істелуде. Жұмыстарға 27 техника, жұмылдырылған. Тәулігіне 12 гектар алқаптың өнімін жинау арқылы барлық алқаптардағы қант қызылшасын үш аптаның ішінде жинап бітіру жоспары бар. Өнімнің сапасы да сәйкес болуы тиіс, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу