Билеттерді сату бойынша интернет-ресурсқа кіргендердің басым бөлігі Ресей, Литва, Ұлыбритания, Түркия, Германия, Украина, Нидерланд азаматтары, деп хабарлады «Астана» спорттық клубының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, қазіргі уақытта билеттердің 90 пайыз сатылған. Кез келген жанкүйер билетті онлайн режімде немесе «Меломан» дүкені және «Астана-Арена» стадионының кассаларынан сатып ала алады.