3 қазан күні Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет сарайында Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблінің 40 жылдық мерейтойына арналған концерт өтеді.
Халықты ән мен күйге сусындатып келе жатқан ән би ансамблі осы уақыт ішінде бірнеше мемлекетте өнер көрсетіп, қазақ мәдениетін паш етті. Қаншама өнер тарландарын тәрбиелеп шығарды.
«Тоқырауын толқындары» бұған дейін Жезқазған қаласында, Ұлытау, Шет аудандарында болып, жұртшылық алдында есептік концерт беріп қайтты.