Қарттар күніне орай астаналық 60 мыңға жуық зейнеткерге материалдық көмек көрсетілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарттар күніне орай астаналық 60 мыңға жуық зейнеткерге материалдық көмек көрсетілмек

29.09.2015
Қарттар күніне орай астаналық 60 мыңға жуық зейнеткерге материалдық көмек көрсетілмек

Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, елорданың 58 мың зейнеткеріне (ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушылардан басқа) жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5 мың теңге мөлшерінде бір реттік материалдық көмек көрсетіледі, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Қарттар күніне орай «Алматы» ауданының әкімдігі ауданға қарасты Ардагерлер ұйымы және кәсіпкерлермен бірлесіп 150 зейнеткерге, соның ішінде Екінші дүниежүзілік соғыс және тыл еңбеккерлеріне арнап қайырымдылық дастархан жаяды.

Бұдан бөлек, 1 қазанда Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде 270 зейнеткерге шипажайлық-курорттық емделу қызметі көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу