Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың орынбасары болып Роза Кемалова тағайындалды. Ол бұған дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет еткен.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Роза Кемалова экономика және қаржы, салық салымы және табиғат тұтыну мәселелеріне жетекшілік етеді. Ауыл шаруашылығы мәселелері облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетовке міндеттелді.
Сондай-ақ, облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып осы уақытқа дейін Лисаков қаласын басқарған Марат Жүндібаев тағайындалды.