«Шыны керек, бұл су тұщы су емес, дегенмен, қызыл ғаламшарда су бар. Демек, мұнда тіршілік етуге болады. Біз бұл жаңалықты жақында жариялаймыз», - дейді NASA планетология бөлімінің директоры Джим Грин.
Ғалымдардың пайымдауынша, қызыл ғаламшардағы су жаз маусымында пайда болып, қыс түскенде қайтадан ғайып болатын көрінеді. Ал өзендердің орнында үлкен қара дақтар пайда болады.