2010-2014 жылдары Қазақстанның алтын өндіру саласына тартылған инвестиция 3,83 млрд долларды құрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2010-2014 жылдары Қазақстанның алтын өндіру саласына тартылған инвестиция 3,83 млрд долларды құрады

28.09.2015
2010-2014 жылдары Қазақстанның алтын өндіру саласына тартылған инвестиция  3,83 млрд долларды құрады

Оның ішінде 500 млн доллар геологиялық барлау жұмыстарына бағытталды.  

Инвестициялар негізінен жаңа кеніштерді игеруге, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтіп, жаңғыртуға бағытталды.

Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында алтын өндіру саласында құны 141,9 млрд. теңге болатын 5 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Екінші бесжылдықтың басты міндеттерінің бірі аффинажды алтын өндірісін жылына 30 тоннаға дейін жеткізу және зергерлік өнеркәсіпті дамыту болып отыр.

Қазір зергерлік бұйымдар өндірісін ұйымдастыру бойынша құны 570 мың АҚШ доллары болатын «ҚаГеоМаш» ЖШС-ның жобасы дайын, деп хабарлайды еліміздің Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері.

                      

                                 

Хабарламаларға жазылу