«Global Energy Essay» конкурсына студенттермен қоса, энергетика мен оның орнықты дамуы тақырыбына қызығушылық білдіруші түлектер де қатыса алады.
Биылғы жылғы байқаудың тақырыбы - «Парижге жол 2015: концепция, шынайылық және климат мәселелері туралы маңызды келісім».
Жұмыстар пайдаланылған кітаптар тізімі мен сілтемелерді қоспағанда, 1000-нан 1200 сөзге дейінгі көлемде ағылшын тілінде қабылданады.
Қорытынды бойынша қатысушы елдер арасынан екі финалист таңдалып алынады. Жүлде көлемі - 2000 мың және 1000 АҚШ доллары. Сондай-ақ, жеңімпаздарға осы жылдың желтоқсан айында Парижде өтетін дүниежүзілік конференцияға жолдама беріледі.
Материалдарды қабылдау 12 қазанға дейін жалғасады.