Аслан Сәрінжіпов «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектерімен бейресми кездесу өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аслан Сәрінжіпов «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектерімен бейресми кездесу өткізеді

25.09.2015
Аслан Сәрінжіпов «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектерімен бейресми кездесу өткізеді

Әңгімелесу тақырыбы: «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы білімді жаңғырту мәселелері».

Кездесу С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің базасында өтеді. Диалог қатысушылары «Болашақ» бағдарламасының 70 түлегі, ҚР БҒМ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер. Informal Networking Conference білім және ғылым өзекті мәселелерін талқылау, еркін ой бөлісу және сараптамалық бағалау нысанындағы ашық диалогты көздейді.

Кездесу шеңберінде кадрлар даярлаудың, оның ішінде «Болашақ» стипендиясы арқылы даярлаудың отандық жүйесін дамыту перспективаларын қарау, 2020 жылға дейінгі стипендияны дамыту жоспарында белгіленген түлектердің «Болашақ» бағдарламасының жаңа бастамаларын «100 нақты қадам» ұлт жоспары басымдылықтарын іске асырудағы және «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жылжытудағы рөлін талқылау көзделеді.

Анықтама:Бұл А.Сәрінжіповтің «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерімен Informal Networking Conference форматында өтетін үшінші кездесуі. Бірінші кездесу 2014 жылғы ақпанда «Назарбаев Университеті» ДББҰ-да, екіншісі 2014 жылғы маусымда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен.

Өткізілетін күні және орны:28 қыркүйек сағ.10.00-де, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (бас корпус, А-5 баяндама залы, 2-қабат, Ломов көш., 64).

 

Хабарламаларға жазылу