ІІ Халықаралық құсбегілер фестивалінің бас жүлде иегері Серікбек Күнтуғанұлы - «Таңшолпанда» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ІІ Халықаралық құсбегілер фестивалінің бас жүлде иегері Серікбек Күнтуғанұлы - «Таңшолпанда» қонақта

25.09.2015
ІІ Халықаралық құсбегілер фестивалінің бас жүлде иегері Серікбек Күнтуғанұлы - «Таңшолпанда» қонақта

«Таңшолпан» студиясының қонағы - бүркітші, Бурабайда өткен ІІ Халықаралық құсбегілер фестивалінің бас жүлде иегері Серікбек Күнтуғанұлы. 

Студияға әкесінен қалған 18 жасар «Ақбалақ» атты қыран бүркітін ала келді.

«Құсты баптаудың тәсілдері көп. Жаз мезгілінде түлекте отырады. Күннің ыстығында тамағын үзбей беріп отыруымыз керек. Оның да өз тәртібі бар.

Қазір баптап отырған «Тұйғын», «Ақиық», «Ақбалақ» атты үш құсым бар. Бала кезімнен әкеме еріп жүрдім. Бүгінгі жеңістерді соның нәтижесі деп білемін», дейді бүркітші.

Қараша айында Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы турнир өткізбекші. 

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер. 

Хабарламаларға жазылу