Volkswagen автоконцернінің акциялары 24-қыркүйек, бейсенбі күні Франкфурт қор биржасының ашылуында 4,6 пайызға артты. Ал концерн басшысы кеше ғана өзінің отставкаға кететінін мәлімдеген болатын.
Биржаның ашылуы кезінде акциялар құны 116,6 еуро болатын және олар екі күннен бері өсу үстінде. Сәрсенбі күні олар 4 пайызға өскен. Сарапшылар бұны акциялардың аптаның басындағы 20 пайызға дейінгі құлдырауынан кейінгі қайта өрлеу үдерісі деп бағалап отыр.
Кеше ғана Volkswagen концернінің Басқарма төрағасы Мартин Винтеркорн кейбір көліктердің қозғалтқышынан шығатын зиянды заттар бойынша кінә тағылғаннан кейін өзінің отставкаға кететінін мәлімдеген болатын.
«Volkswagen-ге жаңғыртуды қажет етеді, соның ішінде кадрлар бойынша да. Мен өзімнің орнымды өзгелерге босату үшін отставкаға кетіп барат жатырмын»,-деп мәлімдеген болатын Винтеркорн.