Жақас Қозбақ: Мені тенниске алып келген - әкем (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жақас Қозбақ: Мені тенниске алып келген - әкем (ВИДЕО)

24.09.2015
Жақас Қозбақ:  Мені тенниске алып келген - әкем (ВИДЕО)

1940-1950 жылдары елімізде тамырын жая бастаған теннис спортына қазіргі таңда жас жеткіншектердің де қызығушылығы арта түскен. Соның бірі - 8 жастағы қызылордалық Жақас Қозбақ.

Әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковичке ұқсағысы келетін теннисшінің арманы - Қазақ елінің атын шығару.

«Теннисті 5 жасымнан бастап үйрене бастадым. Cпортқа алып келген - әкем. Жақсы ойнауға, ата-анамды қуантуға, биік жетістіктерге жетуге тырыстым. Менің осы талпынысымнан нәтиже шықты», дейді спортшы.

Ол 7 жасында қызыл, қызғылт сары доп иегері атанып, 8 жасында сары допқа қол жеткізген.

Күніне 4-5 сағатын жаттығумен өткізетін жас теннисшінің жетістіктері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер. 

Хабарламаларға жазылу