Алдын ала хабарланғанындай, әскери тақырыпта желідегі үздік жарияланымға блогерлер арасында «Әскери пост» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздары әлеуметтік желілерде ашық дауыс беру арқылы анықталады.
Дауыс беруге қатысу үшін жіберілген қатысушылардың байқау жұмыстары «Мірдің оғы», «Ұтқыр шабуыл» және «Суреткер сарбаз» жеке аталымдар бойынша Қорғаныс министрлігінің Facebook ресми парақшасында орналастырылады.
Байқау қатысушыларының пікірлерін қоғамдастықтарда тұрған «Әскери дискурс» экстремалды журналистика бойынша тәжірибелік семинардың қатысушылары бағалайды.
Байқау мақалалары мен материалдары әлеуметтік желілердің барлық пайдаланушыларына қолжетімді болады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.
Дауыс беруден басқа, Ғаламтор пайдаланушылары өздерінің ой-пікірлерін де қалдыра алады. Байқауды ұйымдастырушылар қатысушының ұнаған пікіріне берген үздік комментарийге арнайы жүлде ұйымдастырып қойды. Оны бағалау кезінде пайдалылығы, өткірлігі мен қызықтылығы, комментарийдің жұмысқа қаншалықты сай келетіндігі және оны толықтырып тұратындығы, одан алған жалпы әсері, сондай-ақ комментарийге берілген пайдаланушылардың дауыс беру саны ескеріледі.
Байқау финалистерінің жұмысына берілген үздік комментарий авторы үш аталым бойынша жеңімпаздармен бірге марапатталады.