Ақынның 70 жылдық мерейтойына орай 26 қыркүйекте Алматыдағы М.Әуезов атындағы театрда кеш өтеді.
«Осынша жасқа келіп, жеткен жетістігім туралы өзім айпағаным жөн шығар. Оны халық айтар. Ал, басылым беттері мен түрлі кездесулерде жұртшылықтың беріп жатқан бағасы жаман емес. Сондықтан, жетпісіме дән ризамын», дейді ақын.
«Шығармашылық - үнемі өрлеу емес. Шабыттанып, жаңа бір туындыны өмірге әкелгенде дүниеге сыймай шалқисың. Кейде қағазың құрғап, қаламың жүрмей қалады. Ондай сәттерде творчествоңның жолы жабылғандай күй кешіп, күйінесің».
Ақынның Қазақ еліне өлеңмен жеткізген тілегін «Таңшолпаннан» тыңдаңыздар.