Қырғызстанда бір тәуліктің ішінде 4 рет жел сілкінді.
Бұл туралы Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Министрлік мәліметтерінше, жер дүмпуі соңғы рет кеше жергілікті сағат 21-35-те Нарын облысының Арпа алқабында сезілген. Зілзаланың эпицентрі Ақ-Бейит және Торугарт ауылдарынан 25 шақырым жерде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жер дүмпулері Жалал-Абад және Ыстық көл облыстарында сезілген болатын, деп хабарлайды Қырғызстанның kabarlar.org агенттігі.