Бүгінде француздың балкон, латын тілінен енген фонтан сөздері әрқилы аударылып жүр.
Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының зерттеулеріне сүйенсек, халықаралық терминдерге жататын сөздердің барлығы дерлік аударыла бермейді.
1999 жылдың 9 қазанында ғалым, қоғам қайраткері Шайсұлтан Шаяхметовтің игі бастамасымен ашылған орталық бүгінде терминология, қаза тілін үйретудің жаңа жүйесін қалыптастыруда.
Мұндағы 20-дан астам қызметкер бүгінге дейін 100-ге тарта оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеп шығарды. Кітап қоры 3 мың данадан тұратын кітапхана да оқырмандар үшін әрдайым ашық.
«Тіл комитетінің тапсырмасымен салалық терминдер мен сөз тіркестерінен тұратын 30 томдық терминологиялық сөздік шығарылды. Мемлекеттік қызметкерлер енді іс-қағаздарын осыған негіздеп жүргізетін болады», дейді орталық директорының орынбасары Бижомарт Қапалбек.
Толығырақ «Таңшолпанда».