Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол хандық билікті нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады.
Өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты. Сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы», деп атады.
Хақназар хан тұсында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың Орталық Азия халқымен сауда – саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды.
Бүгін 19:05-те «Тарих толқынында» хабары Хақназар ханның билік құрудағы қызметі туралы толығырақ біле аласыздар.