Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы цех өртеніп жатыр. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Азамат Жұртбаев хабарлады.
Оның айтуынша, өрт туралы хабарлама таңертеңгі 10:22-де түскен.
Өрт әлі толық өшірілген жоқ. Қазір оны сөндіруге 7 арнайы техника мен 35 адам жұмылдырылған. Алдын ала анықтау бойынша «тілсіз жау» 1800 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртке 3-деңгейлі күрделілік берілді.
Гидроизоляциялық материалдар шығаратын цех «Толпан» ЖШС-ына тиесілі екендігі белгілі болды.