На Ми тұрмыстағы әйел. Сұлу қызы бар. Бақытты өмір кешуде, бірақ, сонда да бір нәрсеге алаңдап тұрады.
Бір күні ауруханада жиырма бес жыл бойы көрмеген сыныптасын кезіктіреді. Қатерлі ісік ауруына шалдыққан, небәрі бірнеше апта өмірі қалған құрбысы мектепте бірге оқыған құрбы-құрдастарымен кездестіруін өтінеді.
Фильмде басты кейіпкерлерді Ю Хо Чжон, Шим Ын Кён, Чин Хи Гён сынды актерлер сомдайды.