Канада елшісі Оңтүстік Қазақстан облысының аграрлық саласының әлеуеті зор дейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канада елшісі Оңтүстік Қазақстан облысының аграрлық саласының әлеуеті зор дейді

18.09.2015
Канада  елшісі  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  аграрлық саласының әлеуеті  зор дейді

Облыс әкімі Бейбіт Атамқұловпен болған кездесуінде ол осы өңірмен ауыл шаруашылығы саласы бойынша халықаралық ынтымақтастық орнатуға мүдделі екендігін айтты. 

Канада елшілігі өкілдерінің хабарлауынша, бүгінгі таңда Қазақстан мен Канаданы бұрыннан келе жатқан сауда қатынастары байланыстырып келеді. Ынтымақтастық әсіресе шешуші деген индустриялды бағыттармен байланысты, ал бұл бағыттар Оңтүстік Қазақстан облысында үлкен әлеуетке ие. Оның ішінде  уран өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы сияқты салалар да бар.

Канададан Оңтүстік Қазақстанға агро-технологиялар мен мүйізді ір қара жеткізіледі. 

Кездесу барысында Канада елшісі мен Оңтүстік Қазақстан облысының басшысы Бейбіт Атамқұлов екіжақты тиімді сауда-экономикалық байланыстардың жай-күйін пысықтады.

Сондай-ақ елші өңірдегі канадалық инвесторлар «ҚазАтомӨнеркәсіп» өкілдерімен бірге жүзеге асырып жатқан Созақ ауданындағы уран кенішінде, «Ордабасы құс» корпорациясы мен  «Аманкелді» шаруа қожалығында болды.    

Канада елшісі Канада мен Оңтүстік Қазақстан облысының аграрлық секторларындағы ынтымақтастықты дамытудың әлеуеті зор екендігін айтты, деп хабарлайды Канаданың еліміздегі елшілігінің өкілдері.

  

 

 

Хабарламаларға жазылу