Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 елдің, сондай-ақ өте мол көлемде инвестиция тартылған мемлекеттердің жиырмалығына кіреді - Н.Назарбаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 елдің, сондай-ақ өте мол көлемде инвестиция тартылған мемлекеттердің жиырмалығына кіреді - Н.Назарбаев

18.09.2015
Қазақстан бәсекеге қабілетті 50 елдің, сондай-ақ өте мол көлемде инвестиция тартылған мемлекеттердің жиырмалығына кіреді - Н.Назарбаев

Кездесуге шет елдердің көрнекті мемлекет қайраткерлері мен Нобель сыйлығының лауреаттары – Израильдің бұрынғы президенті Ш.Перес, Польшаның бұрынғы президенті Л.Валенса, Колумбияның бұрынғы президенті С.Трухильо, Испанияның бұрынғы премьер-министрі  Х.Сапатеро, МАГАТЭ-нің бұрынғы бас директоры  М.Аль-Барадеи және басқалар қатысты.  

Кездесуге қатысушылар әлемдік саясаттағы, экономика мен халықаралық қауіпсіздік саласындағы ахуалды талқылады. Осы орайда еліміздің сыртқы саясатқа қатысты бастамалары мен халықаралық қоғамдастықтың әлемдегі түрлі қақтығыстарды шешу үшін күш жұмылдыруы барысындағы рөлі жөнінде мәселе қозғалды.

Сонымен қатар кездесуде Қазақстанның қалыптасқан экономикалық жағдайда орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін қабылдап жатқан шараларына айрықша назар аударылды.

Қазақстан Президенті еліміздің Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктері туралы айтты.

Жолымызды бастаған тұста біз күн көру үшін күрестік, өйткені Қазақстанның болашағы мен мүмкіндіктеріне қатысты болжамдар жағымсыз болатын. Мұндай перспектива бізге ұнамады, сондықтан батыл әрекет жасауға кірістік. Елеулі қиындықтың бірі социалистік экономиканы нарық жолына түсіру еді. Үш жылда жекешелендіру жүргізілді, Орталық Азия бойынша ең ауқымды инвестиция тартылды. Қазақстан бүгінде бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына, сондай-ақ өте мол көлемде инвестиция тартылған мемлекеттердің жиырмалығына кіреді, – деді Мемлекет басшысы.

 

Хабарламаларға жазылу