Ертең Алматыда жәрмеңке өтіп, қала тұрғындарына 50-ден астам өнім түрлері ұсынылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең Алматыда жәрмеңке өтіп, қала тұрғындарына 50-ден астам өнім түрлері ұсынылады

18.09.2015
Ертең Алматыда жәрмеңке өтіп, қала тұрғындарына 50-ден астам өнім түрлері ұсынылады

Қала тұрғындарына Алматы облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер   50-ден астам өнім түрлерін ұсынғалы отыр. Нақтырақ айтқанда, мегаполис тұрғындары мен қонақтарына бұл күні 105 тонна жеміс, көкөніс, 93 тонна ет, 22 тонна сүт өнімдері, жалпы құны 115 млн. теңгенің өнімдері жеткізіледі.

Жәрмеңкеге Алматы облысының 16 ауданы мен Талдықорған, Қапшағай, Текелі қаларынан 280 тонна экологиялық таза және сапалы өнім әкелінеді.

Сауда саттық шаралары «Астана» алаңында, сағат 08.00-ден 15.00-ге дейін өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу