Елімізде саятшылықтан халықаралық жарыс өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде саятшылықтан халықаралық жарыс өтеді

18.09.2015
Елімізде саятшылықтан халықаралық жарыс өтеді

Қыркүйектің 18-20 аралығында «Бурабай» демалыс орталығында Қанат Ахметов атындағы саятшылықтан халықаралық жарыс өтеді. Қатысушылар 10 мемлекеттен келген бүркітшілер.

Айтулы шараға орай бүгін «Таңшолпанда» Алматы облысының саятшылықтан аға жатықтырушы, бүркітші Жүніс Тоқтасынұлы, құсбегі Нұрғалым Мұсаұлы және ақын Ұларбек Нұрғалымұлы  қонақта болды.

Қытайдан арнайы келген құсбегі Нұрғалым Мұсаұлы:  «Мен 16 жасымда бүркіт салдым. Қазір жасым 70-ке таяп қалды, құсбегілікпен әлі айналысамын. Қытайда да бүркіт тартыстар өтіп тұрады Қазақтың ата мұрасын насихаттап келеміз. Бұл дәстүрдің жастарға берері мол. Себебі, жас көргеніне еліктейді»,-дейді.

Ал, ақын Ұларбек Нұрғалымұлы 10 сыныпта жүргенде-ақ «Қыран» деген өлең жазған екен. Өзі: «Бүркітшінің баласы болғандықтан, мұндай өлең жазбау мүмкін емес»,-дейді. Ақын өлеңін студияда оқып берді.

Құсбегілікке қажетті құрал-жабдықтармен «Таңшолпаннан» таныса аласыздар.

Хабарламаларға жазылу