Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен «Astana bike» жүйесін пайдалану жолы жеңілдетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен «Astana bike» жүйесін пайдалану жолы жеңілдетілді

17.09.2015
Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен «Astana bike» жүйесін пайдалану жолы жеңілдетілді

Елордада «Astana bike» пилоттық жобасы қолға алынды. Енді қала тұрғындары мен қонақтары қолайлы уақытта велосипедті жалға ала алады. Астана қаласы әкімінің тапсырмасымен тіркеу жолы жеңілдетілді.

Яғни, абонементтік карточканы алу үшін жеке куәлік қана талап етіледі, тұрғылықты мекенжай мен жұмыс істейтін орнынан анықтама қажет емес. Кез-келген пайдаланушы велосипедті жалға алу барысында карточка сатылатын жерге келіп, оны рәсімдеп, пайдалану тарифінің ақысын төлейді.

Тіркеудің екінші нұсқасы - «Astana bike» жүйесін пайдалану үшін интернет арқылы онлайн төлемдер жасау мүмкіндігі. Ол үшін www.velobike.kz сайтында тіркеліп, СМС-хабарлама арқылы жалға алу түрін таңдау қажет. Бұл жерде тек банк карточкасының нөмірін ғана теріп, төлемақы жасап, тіркелгеннен кейін СМС-код жіберіледі. Пайдаланушыға өзіне қолайлы бекетті таңдап, СМС-кодты теріп, велосипедті пайдалана алады.

Айта кетейік, биыл 15 сәуірден 13 қыркүйекке дейін велосипедтер шамамен 65 мың рет жалға алынған. Жалпы жолдың ұзақтығы 18 126 сағатты құрады, қашықтығы 133 211 км. Astana Bike қызметін 2621 адам пайдаланған, соның ішінде 122 пайдаланушы велосипедтерді СМС арқылы жалға алған.

Хабарламаларға жазылу