Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі ірі қара малының етіне квотаны алып тастауды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі ірі қара малының етіне квотаны алып тастауды ұсынды

17.09.2015
 Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі ірі қара малының етіне квотаны алып тастауды ұсынды

Министрдің сөзінше, ірі қара малының етіне енгізілген квотаны алып тастау Қазақстан мен Ресейден жеткізілетін ірі қара малы етінің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Сонымен қатар, министр ірі қара малының етінің жалпы тасымалына деген құн салығын 27,5 пайыз көлемінде қою қажеттігін айтты.  

Қазіргі таңда Ресей Федерациясының ДСҰ-дағы міндеттемелеріне сәйкес, сиыр етінің жалпы тасымалының  кедендік құн салығының ішкі квоталық көлемі 15 пайызды құрайды, ал квотадан тыс салық 55 пайыз, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

 

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу