«Мен – астаналықпын!» айдарының бүгінгі кейіпкері – Бақыт Исабекова - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мен – астаналықпын!» айдарының бүгінгі кейіпкері – Бақыт Исабекова

17.09.2015
«Мен – астаналықпын!» айдарының бүгінгі кейіпкері – Бақыт Исабекова

Ол театр әлеміне кездейсоқ келген жоқ.  Оның бала кездегі арманы адастырмады. Іштегі бір тылсым күш әрдайым сахнаға жетелейтін де тұратын.  Сол кездегі Алматыдағы мемлекеттік көркем театры институтының  актерлық бөліміне түскен бойжеткен қыз сахна өнерінің саңлақтары Рабиға Қаныбаева, Ыдырыс Ноғайбаевтардың ұстаздық тәлім-тәрбиесін бойына сіңіруге тырысты.

Бүгінде Астанадағы Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының актрисасы. Сондай-ақ, ол осы театрдың қабырғасын қалаған, ыстығына күйіп, суығына тоңған жандардың қатарында.

«Біз өнер академиясының алғашқы түлектеріміз. Біздің Бақытпен сахнадағы серіктестігіміз сол студент кезден басталды. Бақыт топтағы басты кейіпкер болды. Сахналық тектілігіне, ерекше бекзаттығына риза боламын. Ол қандай марапатқа болсын лайық жан»,-дейді әріптесі актер Болат Әбділманов.

Астана актрисаның көз алдында бой көтерді. Гүлденді, жаңара түсті. Ол бүгінде сәні жарасқан, көкке таласқан ғимараттарға сүйсінеді. Әрбір жеткен жетістіктерге қуанышпен қарайды.

«Қазақтың қаймақтары жиналған жер – Астана. Біздің ең бағалы, асыл дүниелеріміздің барлығы осы жерден басталып жатыр»,-дейді өзі.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу