Австралияда биіктігі 7 метрлік динозаврдың қаңқасы табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда биіктігі 7 метрлік динозаврдың қаңқасы табылды

16.09.2015
Австралияда биіктігі 7 метрлік динозаврдың қаңқасы табылды

Австралиялық Лайтнинг-Ридж қаласында жұмысшылар кездейсоқ тасқа айналған динозавр қаңқасын тапты.

Зерттеушілер қаңқаның динозаврдың бұдан бұрын белгісіз болып келген түріне тиесілі екенін анықтаған, деп хабарлайды epochtimes.ru.

Сүйектер  толықтай жинақталды. Жамбас, қабырға, алдыңғы, артқы аяқтары жақсы сақталған. Бұдан басқа, ғалымдар жыртқыштың 25-сантиметрлік тырнағын тапқан. Ғалымдар алып кесірткенің қаңқасын еш қиындықсыз, бірден жинаған. Оның ұзындығы жеті метрге жетті. Бұл құрлықта осы кезге дейін  табылғандарының ішіндегі ең ірісі.

Хабарламаларға жазылу