«Астана» «Бенфикадан» 0:2 есебімен ұтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана» «Бенфикадан» 0:2 есебімен ұтылды

16.09.2015
«Астана» «Бенфикадан» 0:2 есебімен ұтылды

УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде С тобында өз алаңында «Астананы» қабылдаған Португалияның  «Бенфика»  командасы 2:0 есебімен басым түсті.

Бірінші голдың авторы Гайтан болса, екінші допты Митроглу соқты. «Астана» топтық кезеңде енді «Астана-Арена» стадионында түркиялық «Галатасарай» командасына қарсы  ойнайды. Ал, «Астананың» «Бенфикаға» қарсы қарымта матчы  қашан өтетіні əлі  белгісіз.

Айта кетейік, «Астана» командасы бүгін мына негізгі құрамда ойын көрсетті: Эрич, Аничич, Илич, Постников, Шомко, Максимович, Жуков, Кетевоама, Каньяс, Джолчиев, Кабананга.

«Бенфика» командасында Жулио Сезар, Луизао, Элизеу, Жардел, Семеду, Самарис, Гайтан, Митроглу, Жонас, Гонсалу Гедеш, Талиска ойнады.

Хабарламаларға жазылу