Қытайлық жігіт iPhone 6s үшін бүйрегін сатпақ болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайлық жігіт iPhone 6s үшін бүйрегін сатпақ болды

16.09.2015
Қытайлық жігіт iPhone 6s үшін бүйрегін сатпақ болды

Янчжоу қаласының тұрғыны У өзінің бүйрегін  Aplple iPhone 6s ұялы телефонының жаңа флагманы үшін бүйрегін сатпақ болған, деп жазады ChinaDaily.

Ол осы идеяның авторы Хаун атты досымен интернет желісінен адамның мүшелерін заңсыз саудалаумен айналысатын азаматты тапқан. 

Ол У-дан Нанкин қаласының ауруханасынан арнайы тексеруден өтіп, содан соң онымен кездесетін болып келіседі. Абырой болғанда, әлгі азамат кездесетін орынға келмей қалған.   

Осыдан соң қытайлық жігіт гаджет үшін бүйрегін сатудан айнып қалған, ал оның досы келісімді бұзғысы келмеген. Сол себепті осы оқиға жөнінде У құқық қорғау органдарына хабарлаған, алайда, із-түссіз жоғалып кеткен Хаун әлі табылған жоқ. 

Бұл азаматтардың Apple гаджеттері үшін неге болса да дайын екендігін дәлелдейтін жалғаз жағдай емес, деп жазады қытайлық басылым.

  

 

Хабарламаларға жазылу