Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл қорығына алғашқы қар түсті. Синоптиктердің болжамына қарағанда, қар ШҚО-ның басқа да аймақтарында жаууы мүмкін, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Марқакөлге жауған қар табиғи аномалияға жатпайды. Себебі қыркүйек айында бұл аймақтарда күн суытқан.
«Өскеменде жаңбыр жаууы мүмкін. Алдағы күндері аймақта күн жылиды», - деді ведомство мамандары.