Жәрмеңке жұмысына өзге облыстар, туристік ұйымдар, қонақ үй кешендері, шипажайлар, демалыс аймақтары, ұлттық табиғи парктер мен қорықтар, туризм саласы мамандарын даярлайтын жоғары және арнаулы орта оқу орындарының өкілдері қатысады.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Туризм қауымдастығы, «Астана ЭКСПО — 2017» ҰК» АҚ, Еуропаның, Азияның және Қазақстанның жетекші туристік ұйымдары, ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысатын болады.
Жәрмеңке барысында «ЭКСПО – 2017 көрмесін өткізудегі өңірлік туризмнің рөлі» тақырыбында форум және «Шымкент конвеншн орталығының» тұсаукесер рәсімі өтеді деп күтілуде.
Сондай-ақ, іс-шара аясында «Үздік көрме экспозициясы» және «Үздік ақпараттық-жарнамалық пакет» аталымдары бойынша, байқау өткізілмек. Маркетингтік қызметтің маңыздылығы, ішкі туризмді дамыту, ЭКСПО – 2017 көрмесі аясында туристік пакет әзірлеу бойынша туристік операторлар мен қонақ үй бизнесі өкілдеріне семинар-тренинг өткізілетін болады.
Бұған қоса, іс-шара аясында туристік өнімдерге жеңілдік акциялары, «Риксос Хадиша Шымкент», «Канвас», «Қайнар» секілді ірі қонақ үйлердің қатысуымен туризм саласында бос орындар жәрмеңкесі, мәдени бағдарлама және т.б. шаралар өткізілетін болады.