«Еуразия Барысы» үшінші халықаралық турнирі 9 қазанда Тараз қаласында өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуразия Барысы» үшінші халықаралық турнирі 9 қазанда Тараз қаласында өтеді

15.09.2015
«Еуразия Барысы» үшінші халықаралық турнирі 9 қазанда Тараз қаласында өтеді

Турнирге Қазақстан, Грузия, Қырғыз елі, Моңғолия, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан құрамаларының палуандары қатысады. Әр команда бапкер мен жеті палуаннан тұрады. Салмақ санаттары: 55, 66, 74, 82, 90, 100 және +100 келіге дейін.

«Еуразия Барысы» турнирінің телевизиялық көрсетілімі әлемнің 126 елінде миллондаған көрермендер алдында 7 сағат көрсетіледі. Турнирді халықаралық «ТРТ Аваз» (Түркия) және «Боец» (Ресей) арналары трансляциялайды.

Ал, Қазақстандық жанкүйерлер «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.

Хабарламаларға жазылу