Бұл туралы Павлодар қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Ардақ Торсықбаев хабарлады.
«Шабандоз Еділ Құсайынов тақымдаған Пресанелла Мәскеу ипподромында сынға түскен он тұлпардың ішінде бірінші болып келді», - дейді А. Торсықбаев. Жарыс ережесі бойынша, бәйгеге қатысатын сәйгүліктің жасы төрттен асқан болу керек. Мәскеуде өткен бәйгенің жүлде қоры 3 миллион рубльді құрады.
Пресанелла тұлпары - таза қанды ағылшын жануары. Ат бапкері - Петр Карабельников. Сәйгүлік Ирландиядан әкелінген. Айта кетерлігі, былтырғы жарыста қазақстандықтар бәйгенің бас жүлдесін қанжығаларына байлаған.
Осы жолы еліміздің абыройын асқақтатқан Бремен сәйгүлігі. Ал, облыстағы «ҚазАт» ат спорты клубының қызметкері Елена Горбаечваның айтуынша, жеңімпаздар 17-қыркүйек күні Павлодар қаласына оралады.