Қазақ нәрестеге ат қою рәсіміне ерекше көңіл бөлетін халық. Әрбір ата-ана баласына әдемі әрі мағыналы есім қоюды қалайды. Сондықтар болар, ырымшыл қазақ перзентіне қол бастаған батырлардың, сөз бастаған шешендердің, ел бастаған билердің, жез таңдай, күміс көмей әнші-жыршылардың атын қоюға тырысады.
Балаға ат қойған кезде кез-келген адамға емес, тағы да сол ырым қылып, көпті көрген ел ағаларына, айналасына сыйлы, аузы дуалы кісілерге қойғызуды мәртебе санаған.
Бүгінде арамызда Асанәлі Әшімов, Бибігүл Төлегенова, Саттар Ерубаев, Қасым Аманжолов, Мәдина Ералиева сынды тұлғалармен аттас ұл-қыздар өсіп келеді.
Жалпы, осы есімдерді иелену, көтеріп жүру олар үшін абырой ма, сын ба? Қойылған есімнің адам тағдырына әсері бар ма? Бүгін бұл мәселе 21:05-те «Айтуға оңай...» хабарында талқыланбақ.