Қазақстан боксшылары Бранденбург кубогын жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан боксшылары Бранденбург кубогын жеңіп алды

15.09.2015
Қазақстан боксшылары Бранденбург кубогын жеңіп алды

Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

AST-5 Турнирге 17 мен 18 жастағы 20 елдің 120 боксшысы күш сынасты.

Бұл айқаста еліміздің екі былғары қолғап иесі де алтын медальды жеңіп алды. 52 кило салмаққа дейінгі дәрежеде Айдос Арапов пен 75 кило салмақта Әбілхан Аманқұл алғашқыларпдың бірі болып кубокты иеленді. Сөйтіп, екі алған алтын жүлденің арқасында еліміздің жастар құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.

Бірінші орынды бес алтын медаль алған Германия боксшылары болса, үшінші орынды  Ресей, Англия мен Ирландия құрама командалары бөлісті.

AST-7 Қазақстанның жастар құрама командасының аға жаттықтырушысы Ғалым Кенжебаевтың айтуынша, осымен бірнеше жылдан бері Германияда өтіп, дәстүрге айналған турнир өте жақсы деңгейде өтті.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу