Биыл Шымкентте 38 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Шымкентте 38 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

14.09.2015
Биыл Шымкентте 38 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі

Олардың 7-уі несие бойынша, 2-уі жас отбасылар бойынша салынуда, ал 34 пәтер  жалға берілетін болады.

Жалпы бүгінге дейін облыс орталығында 10 тұрғын үй ел игілігіне тапсырылды.

Биылғы жылдың қорытындысымен 38 көпқабатты үй пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ тарапынан әкімшілік-іскерлік орталығында бой түзеген 1 мың 80 пәтерлі 15 тұрғын үйге баспана кезегінде тұрған азаматтар қоныстануда.

Қазіргі таңда облыс орталығында үй кезегінде тұрған азаматтар саны 18 мыңнан асты. Жергілікті билік тұрғындардың баспанаға деген мұқтаждығын шешу бағытында жоспарланған жұмыстарды кезең-кезеңімен атқаруда, деп хабарлайды Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Хабарламаларға жазылу