Бұл нарықтық бағадан 18 пайызға кем болып отыр. Салыстыру үшін былтырғы жылы жанар-жаған май құны литріне 108 теңгемен бөлінді.
11 қыркүйегіне276,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны жеткізілді.
Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 98-99 пайыз деңгейінде. Ағымдағы жылы егін жинау науқанына 14 мыңнан астам жоғары өнімді астық жинау комбайндары шықпақ.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша астық жинайтын комбайндардың 99 пайызы, орақтардың және астық кептіргіштердің 99 пайызы, механикаландырылған қырмандардың 98 пайызы дайындалды, бұл өткен жылдың деңгейінен жоғары.
Сондай-ақ астық қабылдауға қауқарлы сыйымдылық 26,3 млн. тоннаны құрап отыр. Бұл да былтырғы жылдың деңгейінен 1,1 млн. тоннаға артық. Көрсетілген сыйымдылық жаңа өнімнің астығын және өткен жылдардағы қалдықтарды сақтауға жеткілікті.