Бүгін - Отбасы күні. Аталған мереке елімізде 2013 жылдан бері аталып өтіледі.
Бұл күнді мерекелеу - отбасылық құндылықтарды нығайтуға негізделген.
Отбасы күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі шаралар ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 1 наурыздағы № 511 Жарлығына сәйкес, қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні деп бекітілген.