Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамын жоғары деңгейде, ұлттық нақышта атап өтеді.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы облыс, қала, аудан, ауыл имамдарына жолдаған ресми хатта мешіт аулаларына киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойын түрлерінен арнайы жарыстар өткізу, құрбандыққа шалынған мал еттерін мұқтаж жандарға үлестіру, қайырымдылық акциялар ұйымдастыру, т.б. шараларды жүзеге асыру қажеттігі айтылған.
Сонымен биыл еліміздің мұсылман қауымы Құрбан айтты 24 қыркүйекте тойлайды. Айта кетсек, бұл күні халқымыз Құрбан айттың құрметіне бір күн демалады.