Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов Жерге оралды - бүгін таңғы сағат 06.51-де капсула Қарағанды облысына қонды.
Экипаж құрамында Айдын Айымбетов, Геннадий Падалки (Ресей) және Андреас Могенсен (Дания) бар ғарыш кемесі Жезқазған қаласының шығысынан 146 шақырым жерге қонды.
«Жоспарланған тәжірибелердің барлығын орындадым. Тағы бір рет ұшуға дайынмын», - деді қазақстандық ғарышкер тілшілерге.
Айдын Айымбетовты Жерде туыстары қарсы алды. Айта кетейік, бірнеше сағаттан кейін ғарышкерді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды.