Бүгін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында күн жаңбырлы болады. Ал, кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.
Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с болады, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді.
13, 14 қыркүйек күндері кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ал, 12-14 қыркүйек аралығында Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, 13, 14 қыркүйекте Павлодар облысында, 14, 15 қыркүйекте Қарағанды облысында, 15, 16 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде ауаның температурасы түнде 0-5 градус жылы болады.
Күндіз 10-15, кей жерлерде ауа температурасы 7 градус жылы болады деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайты.