Бүгінде некеге жеңіл қарайтындар көп. Оның соңы ажырасуға алып келетініне де мән бермейді.
Үш нәрсемен ойнауға болмайды: неке, талақ, ант. Бұл үш нәрсенің маңыздылығы туралы не білеміз? Бүгін 12:40-та «Иман айнасы» хабарында ері ант бұзып, шаңырағы шайқалған отбасылар туралы сюжет көрсетіледі.
Хабарда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, дінтанушы Омар Жәлел және «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, дінтанушы Ақбөпе Тілегенова қонақта.