Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары Астана тұрғындарына 680 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімін ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары Астана тұрғындарына 680 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімін ұсынады

10.09.2015
Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары Астана тұрғындарына 680 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімін ұсынады

Астана қаласы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әсет Құрманғалиевтың айтуынша, жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар тағам түрлері, атап айтқанда картоп, пияз, қызанақ, қияр және тағы басқа көкөніс түрлері, ет, балық, кондитерлік өнімдер ұсынылады.

Тауарлар нарықтық бағадан 15-20 пайызға арзан сатылады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып келеді, деп хабарлайды елорданың баспасөз орталығы.

Жәрмеңке елорданың үш ауданында: «Алматы» ауданында - Абылай хан даңғылы мен Б. Момышұлы даңғылындағы Оқушылар сарайының алдындағы алаңда, «Есіл» ауданында Сауран көшесіндегі Халыққа қызмет көрсету орталығының алдындағы алаңда, «Сарыарқа» ауданында - Бөгенбай батыр даңғылындағы «Көктем» сауд орталығының алдында ұйымдастырылады.

 

Хабарламаларға жазылу