«Нұрлы жол» бойынша шағын және орта бизнеске бөлінген қаржы толық игерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұрлы жол» бойынша шағын және орта бизнеске бөлінген қаржы толық игерілді

04.02.2016
«Нұрлы жол» бойынша шағын және орта бизнеске бөлінген қаржы толық игерілді
Ол кәсіпкерлерге 6 пайыз үстемемен 10 жылға берілді.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген қаржы қалай жұмсалғаны және қандай нәтиже бергені туралы Үкіметтің есебі дайын болды.

Кәсіпкерлік нысандарын несиелеу үшін қаралған 540,5 миллион доллар бүгінге дейін игерілді. Ол кәсіпкерлерге 6 пайыз үстемемен 10 жылға берілді. Сұраныс ұсыныстан 127 миллион долларға асып кетті.

Яғни, мемлекет қолдауына қол жеткізгендер жоспардан 30 пайыз артық. Осы ақшаның арқасында жаңадан іс бастағандар көбейіп, жаңадан 4,5 мың жұмыс орны ашылды.

Индира ТҰРСЫНБАЙ

Хабарламаларға жазылу