«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомобиль дәлізінің тағы бір бөлігі аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомобиль дәлізінің тағы бір бөлігі аяқталды

10.09.2015
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомобиль дәлізінің тағы бір бөлігі аяқталды

Алматы облысындағы қозғалысы ең көп автомобиль жол бөлігіндегі жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімнен 1,5 ай бұрын аяқталуға жақын.

Құлжа даңғыл жолы - «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомобиль дәлізінің бөлігі саналатын стратегиялық магистраль. Жол бойындағы қозғалыс қарқындылығы тәулігіне шамамен 40 мың автокөлікті құрайды.

Соңғы рет орташа жөндеу 2009 жылы жасалған. Ағымдағы жылы жалпы ұзындығы 20 шақырым болатын 2 бөлікте орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

Жаңартылған бөлік «Алматы-Көкпек-Шонжы-Көктал-Қорғас» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 12-30 және 33-35 шақырымында орналасқан. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облысының қызметкерлері аталған бөлікте 3 ай ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында, «Резеңке үгінділерінің негізінде асфальтбетонды кешенді жақсарту» және «Асфальтбетонды геосинтетикалық материалдармен арматуралау» сияқты жаңа технологиялар қолданылды.

Резеңке үгінділерімен асфальтбетонды жақсартуды қолдану асфальтбетонның төзімділік қасиеттерін, суға төзімділігін, жоғары және төмен температурада пайдалану кезінде асфальтбетон төсем пішінінің өзгеруінен сақтауға көмектеседі.

Арматуралық қатпарлау көліктен түсетін салмақты үлкен көлемге басқаша бөліп, жол төсемінің көтергіш қабілеттілігін арттырады, сызаттардың пайда болуының алдын алуға мүмкіндік береді.

Алматы облысы бойынша 2015 жылдың жоспарына республикалық маңызы бар «Алматы-Талғар-Евгеньевка» автомобиль жол бөлігінің ұзындығы 21 шақырым болатын 25-30, 45-61 шақырымына орташа жөндеу жүргізу жұмыстары қосылған.

Жол бойындағы қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 37 мың автокөлікті құрайды. Соңғы рет аталған жол бойында жөндеу жұмыстары 2011 жылы жүргізілген. Асфальтбетон төселген ІІІ сатыдағы автомобиль жолының жөндеу жұмыстары мерзімінен 1,5 ай бұрын аяқталуда.

kazautozhol.kz

Хабарламаларға жазылу